Алматыда ер адам баласымен бірге ойыншық машинамен қала жолдарында жүрген
Алматыда ер адам баласымен бірге ойыншық машинамен қала жолдарында жүрген
Алматыда ер адам баласымен бірге ойыншық машинамен қала жолдарында жүрген. Полиция тәртіп бұзушыны іздеуде. Әлуметтік желіде осы сәттің видеосы таралды.   https://www.youtube.com/watch?v=XfGunw5L0QQ
«Бұл - бала өміріне немқұрайлы қарау. Ертең бала әкесін қайталап өзі жолға шығып кетпесіне кім кепіл. Не деген жауапсыздық. Газельдер, жүк машиналары оны көрмейді», – деп жазады желі қолданушысы.
Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, қазір ойыншық машинамен жүрген адамды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.