«Қазақконцерт» ұйымы Қазақстан халқын 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Көрермен назарына заманауи форматтағы YNTYMAQ күйіне түсірілген бейнебаян ұсынылды. Елімізде татулықта өмір сүріп жатқан өзге этностар бейнероликте өз құттықтауы мен лебізін жеткізді. Қазақконцерт директоры Жеңіс Сейдуллаұлы мәлімдегендей, Қазақстан халқының бірлігі – Тәуелсіз еліміздің басты жетістігі.
– Барша қазақстандықтарды бұл жарқын мерекемен шын жүректен құттықтаймын. «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі ұсынған жаңа туындының басты ерекшелігі – бірлік тақырыбы қазақтың домбыра, қобыз, шаңқобыз, шертер, дауылпаз сынды ұлттық аспаптарының үнімен шебер ұштастырылған. Әуенге түсірілген арнайы мерекелік бейнеролик те көпұлтты халықтың татулығын көрсетіп, Қазақстанның сан қырлы мәдениеті мен дәстүрін паш етті, – деп мәлімдеді Жеңіс Сейдуллаұлы.Баспасөз қызметі хабарлағандай, мерекелік бейнеролик Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп түсірілді. https://www.youtube.com/watch?v=55Q3cG0fFiY&ab_channel=Qazaqconcertlive