Көкшетауда тұтанған тұрмыстық қалдықтарды сөндіру кезінде басқа арнайы техникалармен қатар өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Аспанда қою түтінге толтырған тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт туралы хабарлама бүгін таңертең 08.55-те Көкшетау қаласындағы өрт сөндіруші-құтқарушыларға жеткен.
«Құтқарушылар оқиға орнына дереу аттанған. Өртті сөндіруге «Көкше Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үш жұмысшысы, 14 өрт сөндіруші, 15 жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен 14 техника бірлігі жұмылдырылды. Қоқыс полигонындағы алапат өртті дереу сөндіру мүмкін болмағандықтан, қосымша Көкшетау қаласының №1 және №2 өрт сөндіру бөлімдерінің 7 қызметкері мен 2 техника бірлігі жөнелтілді. Жұмылдырылған АЖ-ға су құю үшін өрт сөндіру пойызы да тартылды», – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.Қоқыс полигоны «Көкше Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Өрт 100 шаршы метрден астам аумақты шарпыған.
«Қоқыс полигонының жалпы ауданы 9 гектарды құрайды. Зардап шеккендер болған жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр», – деп толықтырды Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы