Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

2 мамырда Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

2 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Түнде 3 мамырда кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік сақталады.

Павлодар облысында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік күтіледі.  Павлодар қаласында түнде 02 мамыр 1-3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с сақталады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.