Бүгін «Қайрат» пен «Барселона» клубтары арасындағы кездесу өтеді
Бүгін «Қайрат» пен «Барселона» клубтары арасындағы кездесу өтеді
137
оқылды
Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында Алматының «Қайрат» клубы Испанияның «Барселона» командасымен кездеседі. Ойын Хорватияның Задар қаласында өтеді. Матчты Qazsport арнасы тікелей эфирде түнгі 00:00-де көрсетеді. Жеңімпаз екінші жұптағы Португалияның «Спортинг» пен Испанияның «Интер» командаларының біреуімен финалда кездеседі. Шешуші ойын 3 мамырда өтеді. Ширек финалда «Қайрат» Португалияның «Бенфика» клубынан басым түскен. Ал «Барселона» Словенияны «Добовец» клубын қапы қалдырды.