Қазақстанда бензин бағасы 10 теңгеге қымбаттады
Қазақстанда бензин бағасы 10 теңгеге қымбаттады
329
оқылды

Елде бензин бағасы өсті. Соңғы бірнеше күн ішінде бензин бағасы 5-10 теңгеге дейін қымбаттап отыр.

Нұр-Сұлтан қаласының жанармай құю бекеттерінде АИ-92 — 168-177 теңге, АИ-95 — литрі 188-ден 197 теңгеге дейін, АИ-98 — 186-дан бастап 220 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматы қаласында АИ-92 — 165-171 тг, АИ-95 — 187-200 тг, АИ-98 — 191-230 тг. Басқа өңірлерге келетін болсақ, АИ-92 бензинінің бағасы — 175 теңге, АИ-95 бағасы — 185-тен басталып, 200 теңгеге дейін өсті, АИ-98 — 175-205 теңге. Қазақстанда бензин бағасы сәуір айының басынан бері өсіп келеді. Жүргізушілер қымбатшылыққа ғана емес, бензин тапшылығына да шағымданып отыр.