Астанада құрғақ шөптің тұтануы салдарынан жекеменшік үй өртке оранды.
«2 мамырда сағат 12.22-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне Сарыарқа ауданы, Бөгенбай даңғылы, 73/1 мекенжайы бойынша өрт шықты делінген хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген бойда құрғақ шөптің жануы және өрт жақын маңдағы жеке үйге таралып кеткені анықталды. Өрттің алдын ала болжам бойынша жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта жеке құрамнан 15 адам және 3 бірлік техника құрамында өрт сөндірушілер өртті сөндіру бойынша жұмыс істеуде. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.Еске салсақ, Көкшетауда өрт сөндіруге пойыздың тартылғаны туралы хабарлаған едік. Қоқыс полигоны «Көкше Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Өрт 100 шаршы метрден астам аумақты шарпыған.