Есік қаласында жүк көлігі техникалық ақау шығуынан жанып кетті, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы Алтын адам көшесінде жүк көлігі өртенгені туралы хабар 2021 жылы 2 мамырда сағат 11.43-те түскен.
"Оқиға орнына келген кезде 40 тонналық HOWA жүк көлігінің салоны өртенгені анықталды. Өрттің шығуына қозғалтқыш бөлігінің техникалық ақауы себеп болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", – деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.