Еліміздің 6 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің 6 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше облысында үсік жүріп, құмды дауыл соғады. 3 мамырда Қызылорда мен Түркістан облыстарының кей жерлерінде құмды дауыл күтіледі. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. 3 мамырда күндіз Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Кей жерлерде күші секундына 15-20 метр жел болады. Ертең түнде Павлодар облысының кей жерлерінде 1 градус үсік күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай болуы мүмкін, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей жерлерде секундына 25 метр. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. 3-5 мамырда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - секундына 15-20 метр. 3 мамырда күндіз, 4-5 мамырда тәулік бойы екпіні секундына 23-28 метр жел болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерде секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20 метр болады, кей жерде екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.