Маңғыстау облысында жүк көлігі газ құбырына соғылды
Маңғыстау облысында жүк көлігі газ құбырына соғылды
137
оқылды
Маңғыстау облысында ауыр техника тиелген арнайы жүк тасымалдау көлігі газ құбырына соғылды.
  "Бүгін сағат 12:50 шамасында Маңғыстау ауылындағы "Бесшоқы" тұрғын үй массивіне кірер жолда ауыр техника тиелген арнайы жүк тасымалдау көлігі жоғары қысымды газ құбырына соғылып, апатты жағдай тудырды", – деп хабарлады Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жүк көлігі газ құбырын 7 метр қашықтыққа сүйреп әкеткен. Оқиға орнына коммуналдық мекеме қызметкерлері, жедел жәрдем, төтенше жағдайлар бөлімі, "ҚазТрансГазАймақ" кәсіпорнының мамандары жұмылдырылған. Қазір газ құбырын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.