Елордадағы Түркістан көшесі 6 жолақты болады
Елордадағы Түркістан көшесі 6 жолақты болады
274
оқылды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қалада жүргізіліп жатқан абаттандыру, жол жөндеу жұмыстары жайлы түсіндіріп өтті Әкімнің айтуынша, биыл Нұр-Сұлтанда 100-ден астам көшенің жолы салынып, жөнделеді.
Өткен жылдағыдай, қаланың ескі бөлігі мен елді мекендерге баса назар аударамыз. Бүгін бірқатар көшедегі жол жұмыстарының барысымен таныстым. Мысалы, Ю.Малахов көшесінде (Р.Дүйсенбаев көшесінен Сусамыр көшесіне дейін), Космонавтов көшесінде (Қабанбай батыр даңғылынан Арай көшесіне дейін), М.Төлебаев көшесінде (Б.Момышұлы даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейін), М.Горький көшесінде (Ж.Жабаев көшесінен Т.Мұсабаев көшесіне дейін) және т.б. ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге тағы 37 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Цирк ғимаратының айналасында жолдың орташа жөндеуі аяқталды. Ол бойынша бірнеше рет өтініш келіп түсті, – деп атап өтті Көлгінов.
Ол Түркістан көшесін төрт жолақтан алты жолаққа дейін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Сонымен қатар Түркістан көшесінің бойындағы (Ұлы дала даңғылынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) бөлу жолағын қайта жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жолды төрт жолақтан алты жолаққа дейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жазда Bus Lane жолағын іске қосамыз. Сондай-ақ сол учаскеде саябақ пайда болады. Өткен жылы, мысалы, бөлу жолағы Мәңгілік Ел даңғылы бойынша бөлшектелді. Бұл машиналар ағынын азайтуға мүмкіндік берді, – деді әкім.
Қала әкімінің айтуынша, сапасыз жөнделген және салынған жолдар қабылданбайды.