Головкиннің салмағында жаңа әлем чемпионы анықталды
Головкиннің салмағында жаңа әлем чемпионы анықталды
126
оқылды
Америкалық боксшы Эрисланди Лара (26-3-3, 16 KO) қарсыласын 77 секундта жеңіп, орта салмақта WBA Regular чемпионы атанды. Лара Геннадий Головкин өнер көрсететін дивизионда бос тұрған титулды иеленді. Ол америкалық Томас Ламаннды 77 секундта нокаутқа түсірді. Лара бұл дивизионға бірінші орта салмақтан көтерілген болатын. https://www.youtube.com/watch?v=2CH7wBWkMqk Бірақ Лара Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) орта салмақтағы негізгі чемпионы атанбады, себебі WBA Super белбеуі қазір жапондық Риота Муратада. Бұл салмақта IBF және IBO титулы Геннадий Головкинде (41-1-1, 36 КО). Қазақстандық боксшы Муратамен титулды айқас өткізуі мүмкін.