Дәрігер адамдардың не себепті ерте қартаятынын айтты
Дәрігер адамдардың не себепті ерте қартаятынын айтты
98
оқылды
Ерте қартаю денеге қажетті физикалық белсенділіктің төмен екенін білдіреді. Профессор Хироси Хираидзуми жапондық Nihon Keizai басылымына берген сұхбатында физикалық жүктемелер, атап айтқанда, созылу белгілері болмаған кезде адам жас кезінде қартая бастайтынын айтты, – деп жазады РИА Новости. Маманның айтуынша, қазір көптеген адам  қашықтан жұмыс істеп жатыр. Аз қозғалады. Сол себепті денесінде түрлі ауырсыну сезімі болады.
"Белден жамбас буынының алдыңғы жағына тігінен созылатын бұлшықеттер, сондай-ақ мықын, бел бұлшықеттері қатая түседі. Сосын белге салмақ түседі", – деді профессор.
Маман дененің белсенділігін арттырып, ауырмау үшін тұрақты түрде созылатын жаттығулар жасауға кеңес берді. Хироси Хираидзуми атап өткендей, кез келген әрекетті бастамас бұрын түрлі жаттығулар жасау  қан айналымын жақсартады және бұлшықет метаболизмін белсенді етеді. Бұл қартаю процесін бәсеңдетуге көмектеседі.