«Оқушылардың жүктемесі көп»: 9-сынып оқушысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алексей Цойға видеоүндеу жолдады
«Оқушылардың жүктемесі көп»: 9-сынып оқушысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алексей Цойға видеоүндеу жолдады
272
оқылды
9-сынып оқушысы Даниял Пазыл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға бейнеүндеу жолдады. Оқушы Қазақстан мектептеріндегі емтиханнан бас тартуды сұрайды. Ол коронавируспен ауырған адамдардың көбейіп жатқанын және елдегі  14 аймақтың 11-і "қызыл аймақта" екенін айтып өтті. Сондай-ақ емтихан кезінде бір уақытта бөлмеде вакцина алмаған 20 оқушы болатынын, осыдан кейін ауырғандар саны көбеюі мүмкін екенін жеткізді. Сонымен қатар қазір оқушылардың жүктемесі көп екенін де айтты. TikTok 400 мыңнан астам қаралым жинаған және оқушыға  қолдау көрсеткен пікірлер саны басым. 9-сынып оқушылары 3, ал 11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады. https://www.youtube.com/watch?v=9rKPGaf9iNo&ab_channel=Liter