Тек қана солтүстік, солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жаууы мүмкін. «Қазгидрометтің» мәліметінше, жел екпіні күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстікте тұман, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Жамбыл облысында 15-20 м/с жел соғады. Күндіз жылдамдығы 23-28 м/с артады. Түнде жекелеген аумақтарда найзағай, бұршақ болжанады. Түркістан мен Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал. Ақмола, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысында найзағай жарқылдайды. Қостанай облысында найзағай, 15-20 м/с екпінде жел болады. Күндіз Павлодар облысында найзағай күтіледі, жел екпіні 25 м/с күшейеді.Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында -5 градусқа дейін үсік болады.