Тәжістандық сарбаз – 29 сәуір күні қырғыз-тәжік шекарасында опат болған 16 адамның бірі. 26 жастағы Мұхаммадулло Тәжікстанның Муминабад ауданында туған. Ол Тәжікстан Қарулы күштерінде қызмет атқарған. Бұл туралы Sputnik Тәжікстан жазды.
Мұхаммадуллоның досы әлеуметтік желіде марқұм сарбаздың Рамазан айы аяқталған соң үйленемін деген жоспары болғаны туралы жазба жариялады.Айта кетейік, тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстан 2 мамыр күнгі ресми мәлімет бойынша, 20-ға жуық адам қайтыс болды. 160-тан астам адам жараланды.«Қысқа ғана ғұмырында досым арманда кетті. Оның Рамазан айынан кейін үйленемін деген мақсаты бар еді. Тіпті, ол бала күнгі арманына да қол жеткізе алмай қыршынынан қиылды», – деп жазды досы.
Бұған дейін қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы жазған болатынбыз.