Қиясовтың қаулысы: бүгіннен бастап вакцина салдыруда екі кезеңнің арасы ұзартылды
Қиясовтың қаулысы: бүгіннен бастап вакцина салдыруда екі кезеңнің арасы ұзартылды
134
оқылды

Жаңа қаулы бүгін, яғни, 3 мамырдан бастап күшіне енді.

Жаңа қаулыда: «Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді. Ең алдымен 0,5 мл. дозада – I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде, 45 күннен кейін – 0,5 мл. дозада II компонент салынады. Бұл ретте 45-күнге II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елдімекенге бару-келу және т.б.) вакцинаны 90 күн ішінде алуына болады. Вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізіледі» делінген қаулыда.

Біз бұған дейін шетелдегі вакцинациялау мен вакцина тапшылығы, сондай-ақ,  әлем елдеріндегі ПТР тест бағасы туралы зерттеп жазған болатынбыз.