БҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кеше саябақта болған оқиға салдарынан 8 бала зардап шекті.
Аттракцион істен шыққан сәтте қатты жылдамдықпен айналып тұрған әткеншек кілт тоқтап қалып, балалар жарақат алған. БҚО Полиция департаменті осы оқиғаға байланысты аттракцион иесіне қатысты қылмыстық іс қозғады.«Балалар көптеген дене жарақатын алған. Жедел жәрдем оларды облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Балалардың миы шайқалмаған. Сынық жарақаты жоқ. Бәрі де медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді», – дейді дәрігерлер.
Бұған дейін Оралда аттракционнан 8 бала құлап, жарақат алғанын жазған болатынбыз.