Қазақстанда Sputnik V вакцинасын салдыру кестесіне өзгерістер енгізуге қатысты ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы түсінік берді. Жақында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі N17 қаулысына сәйкес Sputnik V-мен вакциналау кестесіне өзгерістер енгізілді. Бұл жағдайда осы вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін енгізу аралығы 45 күн болуы керек. Егер 45-ші күні екінші компонентті вакциналау мүмкін болмаса (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге кету және т.б.) 90 күн ішінде вакциналауға рұқсат етіледі. Вакцинация кестесіне қатысты бұл ұстаным профессор, РҒА академигі, Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры А. Гинцбургтың 2021 жылғы 22 сәуірдегі ресми мәлімдемесіне негізделген.
«Вакцинология принциптері көп дозалы алғашқы вакциналау сериясындағы дозалар арасындағы алты апталық аралықты қолдайды. Сонымен қатар, негізгі және қосымша доза арасындағы ұзақ алшақтық В-жасушасының жадысының жетілуіне мүмкіндік береді, нәтижесінде жоғары және тұрақты реакция пайда болады. Бір реттік дозадан кейін басқа көп дозалы вакциналарды пайдалану тәжірибесі жасөспірімдер мен ересектерде қорғаныс алты айға немесе одан да ұзаққа созылуы мүмкін екенін көрсетеді (мысалы, А гепатиті және адамның папиллома вирусына қарсы вакциналары). Мұнымен қоса, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналар бойынша ғылыми зерттеулер жалғасуда. Тиімділік бойынша дәлелді базасы алынған жағдайда, қосымша ұсыныстар жасалатын болады», - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы баспасөз қызметі мәліметінде.Сонымен 2021 жылы 6 наурызда The Lancet ғылыми басылымында AstraZeneca COVID-19 вакцинасының Ұлыбритания, Бразилия және Оңтүстік Африка жүргізілген үш қарапайым рандомизацияланған бақыланбалы зерттеулердің нәтижелері негізінде дозалар арасындағы аралықты арттырған жағдайда тиімділігі туралы ақпарат жарияланды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, егер екінші екпе 12 аптадан немесе одан кейін жасалса, оның тиімділігі 81,3 пайызды құрайды. Ал екі дозаның арасындағы аралық тек 14 күн болса, онда тиімділік деңгейі 66,7 пайыз шамасында байқалды.
«Әлемде коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакциналау жүргізгеннен бастап, бұл тәжірибе көптеген елдерде індетке қарсы басқа вакциналарға да қолданылып отыр. Қазіргі кезде алынған ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, Ұлыбритания вакциналарға арналған екпе егу жоспарын өзгертті. Егер бұрын вакцинаның екінші дозасын біріншісінен 21 күн өткен соң салу жоспарланған болса, қазір аралық мерзімі үш айға дейін созылды», - деп аталып өткен орталық деректерінде.2021 жылдың 14 сәуірінен бастап Францияда мРНҚ вакцинасының екпелері арасындағы (BioNTech / Pfizer және Moderna компаниясы) интервал 4 аптаның орнына 6 аптаға дейін ұлғайтылды. Ресми деректерге сәйкес Ирландияның денсаулық сақтау министрі жақын күндері Covid-19 вакцинасының бірінші және екінші дозалары арасындағы аралықты төрт аптадан 12 аптаға дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауды осы жылдың 25 ақпанында бастаған Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі де тиісті өзгеріс енгізді. Осы орайда, Ұлттық техникалық сарапшылар топтарының ұсыныстары бойынша CoviShield вакцинасының екі екпесінің аралығын 28 күннен 90 күнге дейін артты. Бұл өз кезегінде 4-12 аптадан кейін екінші дозаны енгізуді көздейтін өндірушінің нұсқауларына қайшы келмейді.
«Сонымен, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың тиімділігін зерделеу бойынша алынған ғылыми-зерттеу деректері мен бүкіл әлемнің індетке қарсы вакциналау тәжірибесі екі дозалы вакцинаның алғашқы дозасы КВИ мен ауруханаға жатқызу оқиғаларының төмендеуіне оң әсер ететіндігін растайды», - делінген ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мәліметінде.