Ғалымдар коронавирусқа қатысты тың жаңалық ашты
Ғалымдар коронавирусқа қатысты тың жаңалық ашты
Британдық ғалымдар артық салмақтың коронавируспен байланысын зерттеді, - деп жазады The Lancet Diabetes & Endocrinology. Белгілі болғандай, семіз адамдар коронавирустың ауыр түріне шалдығуға бейім болып шықты. Ғалымдар 7 миллион британдықтың деректерін тексеріп, осындай қорытындыға келген. Мамандар 20 - 39 жастағы пациенттердің артық салмағы коронавирус инфекциясының ауырлық дәрежесіне қатты әсер ететінін анықтады. Осы топтағы адамдардың ауруханаға түсуі адамның дене салмағы артқан сайын 10% өскен. 40 – 50 жастағы семіз адамдардың арасында ауруханаға түсу қаупі 8%, 60 – 79 жаста — 4%, 80 жастағы пациенттерде — 1% өскен.