Talking Town ITFC подкастының авторы, ұлыбританиялық журналист Мэтт Филлипс отандасы кіші Крис Юбэнктің (30-2, 22 КО) таяудағы мәлімдемесіне жауап берді, деп жазады Prosports.kz. Бұған дейін Юбэнк орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) нокаутқа түсіретінін айтқан еді. Филлипстің пікірінше, Юбэнк бұл айтқанын орындай алмайды.
«Оған бірде-бір мүмкіндік жоқ», — деді сарапшы Твиттердегі жазбасында.Айта кетейік, Юбэнк пен Головкин 2016 жылы жекпе-жек өткізуі мүмкін еді, бірақ, сол кезде екі тарап келісімге келе алмады.