Жедел жәрдем көлігінің дауыс ұлғайтқышымен ән айтқан қызметкер жұмыстан шығарылды
Жедел жәрдем көлігінің дауыс ұлғайтқышымен ән айтқан қызметкер жұмыстан шығарылды
Жедел жәрдем көлігінің дауыс ұлғайтқышымен ән айтқан қызметкер жұмыстан шығарылды. Бұл ақпаратты Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады. Түркістанда жедел жәрдем жүргізушісі түнгі уақытта ән айтқаны белгілі болған еді. Видеоны желі қолданушылары әлеуметтік желіге салып жіберген. Полицейлер жедел жәрдем жүргізушісін ұстады. Арыстағы жедел жәрдем бригадасы Түркістандағы ауруханаға науқасты шұғыл жеткізген. Қайтар жолда жүргізуші сүйікті әнін орындаған. Полицейлердің мәліметінше, жүргізуші ішімдік ішпеген. Бірақ ол тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жедел жәрдем жүргізушісі жасаған әрекетіне байланысты кешірім сұрады. https://www.youtube.com/watch?v=HV7J2Pq7Izo