Қазақстандық бизнесмен Қырғыз Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Қазақстандық бизнесмен Қырғыз Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Қазақстандық бизнесмен, "Қазақстан алюминийі" АҚ экс-президенті Алмаз Ибрагимов Қырғыз Республикасы президенті Садыр Жапаровтың кеңесшісі болып тағайындалды.
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров өкімге қол қойды, оған сәйкес Алмаз Турдуметұлы Ибрагимов Қырғыз Республикасы президентінің қоғамдық негіздегі кеңесшісі болып тағайындалды, – деді президенттің баспасөз қызметі.