4 мамырға арналған ауа райы болжамы
4 мамырға арналған ауа райы болжамы
103
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, тек қана солтүстік-шығыс және батыста жаңбыр жауады. Батыста найзағай жарқылдайды. Кей өңірде жел күшейеді, оңтүстікте желмен бірге шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, желдің күші күндіз 25 м/с артуы ықтимал. Түнде Павлодар, күндіз Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысында желдің күші 15-20 м/с артады. Түркістан облысында сондай-ақ шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан облысында – найзағай, Солтүстік Қазақстанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жамбыл облысында желдің екпіні күндіз 23-28 м/с жетеді. Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында -3 градусқа дейін үсік болады.