Үндістаннан келгендер анықтамасы бар-жоғына қарамастан, карантинге жатқызылады
Үндістаннан келгендер анықтамасы бар-жоғына қарамастан, карантинге жатқызылады
125
оқылды

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Күніне 400 мың адам коронавирусқа шалдығып жатқан Үндістанда эпидемиологиялық ахуал нашар. Сондықтан соңғы 14 күнде Қазақстанға, оның ішінде Үндістан арқылы келген адамдар қолында коронавирус жоқ екенін дәлелдейтін ПТР тест анықтамасы, вакцина төлқұжаты бар-жоғына қарамастан, үйінде 14 күнге оқшаулануға міндеттеледі, – деді Алексей Цой.

Министр бұған дейін Қазақстан өлім-жітім көрсеткіші бойынша 108-орында тұрғанын айтқан болатын.