Қазақстанда кешеден бастап мешіттердің ауласында жұма намазын оқуға рұқсат беріліп отыр.
«Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) далада өткізу маска режимінде бір адамға кемінде 4 метр жер есебімен әлеуметтік арақашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады» делінген жаңа қаулыда.Жаңа қаулының негізінде вакцина алудың тәртібі де жеңілдетілді.