Алматы облысында гараждан кәмелет жасқа толмаған екі жігіттің денесі табылды, – деп жазады Sputnik.kz.
Қайғылы оқиға Жаркент қаласында болды. Әлеуметтік желіде екі бозбаланың колледжде оқығаны туралы мәлімет тарады. Алматы облысының полициясы жекеменшік үйдің гаражында екі адамның қайтыс болғанын растады.Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.«28 сәуірде Жаркент қалалық полиция бөлімшесіне екі адамның көз жұмғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған полицейлер үйдің гаражынан 17 жастағы екі бозбаланың мәйітін тапты. Зорлық белгілері жоқ. Екеуі көлікті жөндеу кезінде иіс тиіп, көз жұмған», – дейді полицейлер.