«30 миллиард теңге қарыз» – көлік салығын кімдер төлемей жүр?
«30 миллиард теңге қарыз» – көлік салығын кімдер төлемей жүр?
148
оқылды

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«Барлығы 30,7 миллиард теңге мөлшерінде қарыз бар. Қарыздың негізгі сомасы – 26,8 миллиард теңге. Қалған 3,8 миллиард теңге – өсімпұл» делінген ресми хабарламада.

Ең көп қарыз алматылықтарға тиесілі. Яғни, көлік салығы бойынша 6,1 миллиард теңге қарыз. Алматы облысының көлік иелері де 4,8 миллиард теңге салық төлемеген. Үшінші орында астаналықтар, олар мемлекетке 3 миллиард теңгеге жуық салық төлемеген. Борышкерлер саны бойынша Алматы облысында – 165 мыңнан астам адам,  екіншісі, Алматы қаласы – 107 мың  адам, үшіншісі, Түркістан облысында 104 мың адам салық төлемеген.

Ескерер жайт, салық төлеу үшін тұрғындарға  салық органдарына барудың қажеті жоқ. e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы қарыз сомасын анықтауға және салықты онлайн төлеуге болады. Салықты банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.