Ажырасып, байлығынан айырылған миллиардерлер
Ажырасып, байлығынан айырылған миллиардерлер

Бүгін Microsoft компаниясының негізін қалаған Билл Гейтс 27 жыл отасқан әйелі Мелиндамен ажырасатыны жайында хабар желдей есті. Әзірге ажырасудың егжей-тегжейі және әйеліне жиған-терген дүниесінің қаншасын бөліп беретіні әлі белгісіз. Forbes-тің дерегінше, Билл Гейтс жер шарындағы ең бай төрт адамның бірі. Ол Microsoft-тың 1,37% акциясына иелік етеді, FactSet дерегі бойынша, оның құны 26 миллиард доллардан асады. Сондықтан Мелинданың құр қалмайтыны белгілі. Бұл мақаламызда жалпы ажырасуы қымбатқа түскен миллиардерлерді сөз етпекпіз...

[caption id="attachment_134221" align="alignnone" width="1024"]миллардер ©vedomosti.ru[/caption] Amazon компаниясының иесі Джефф Безос – әлемдегі ең бай адамның бірі. Ол 2019 жылы 25 жыл бірге тұрған әйелі Маккензимен ажырасып, байлығының біраз бөлігінен айырылды. Бір сөзбен айтқанда, оған бұл ажырасу қымбатқа түсті. Өйткені Маккензиге Amazon компанияның 19,7 миллионға бағаланған акциясы тиесілі болды. Бұл дегеніміз – компанияның 4 пайызы. Сонымен Маккензи автомат түрде ғаламшардың ең бай әйелдерінің бірі атанды. Ол бұрынғы күйеуіне тиесілі Amazon акцияларының 75 пайызынан, сондай-ақ The Washington Post газетіндегі және Blue Origin компаниясындағы үлесінен бас тартқан. [caption id="attachment_134223" align="alignnone" width="1024"]миллардер ©sb-advice.com[/caption] Билл Гросс – әлемдегі ең табысты және эксцентрикалық инвесторлардың бірі. Ажырасу барысында миллиардер бұрынғы әйеліне 1,3 миллиард доллар мен 36 миллион долларлық Laguna Beach Home үйін қалдырды. Оған қоса, ол 1932 жылғы «Демалыс» атты Пикассоның картинасына ие болды. Артынан Сью ол картинаны 35 миллион долларға сатып жіберді. Сөйтіп, Pimco компаниясының негізін қалаушы Сью Гросс біраз байлыққа ие болды. Ал сол кезде Билл Гросс 14 жыл бойы ең бай америкалық тізімдегі орнынан түсіп қалған. Алайда миллиардер 3-4 жылда жағдайын түзеп алды. Қазір оның байлығы 1,5 миллиард долларға жеткен. Бүгінде әрқайсының өз қайырымдылық қоры бар. [caption id="attachment_134224" align="alignnone" width="1024"]миллардер ©sb-advice.com[/caption] Гарольд Хэмм – америкалық кәсіпкер, мұнай-газ бизнесімен айналысатын магнат. Оның байлығы 15 миллиард долларға бағаланып отыр.  26 жыл отасқан әйелі Сью Энн Арналлмен ажырасқанда біраз ақшасынан айырылды. Ерлі-зайыпты отасқанда неке шартына отырмаған екен. Соның салдыранын екеуінің шайқасы 3 жылға созылды. Ақырында миллиардер 2015 жылы Сью Эннге Morgan Stanley-дегі шотынан 975 миллион долларға чек жазып берді. Оны қабылдаған Сью Энн кейін ойынан айнып шықты. Сөйтіп, бұрынғы күйеуінің үстінен арызданып, қайта мүлкінің бөлінуін талап етті. Содан Continental Resources компаниясының 75% -ын, шамамен 13,7 млрд доллар алмақ болған. Алайда Оклахома Жоғарғы соты Сью Эннің әу баста чекті қабылдағандықтан, оның ажырасуға келісім бергені деп санап, апелляциялық шағымды қанағаттандырудан бас тартқан. [caption id="attachment_134225" align="alignnone" width="1024"]миллардер © sb-advice.com[/caption] Миллиардер Рой Дисней – Уолт Диснейдің немере інісі. Ол 77 жасында 52 жыл отасқан әйелі Патрисия Диснеймен ажырасты. Сол уақытта, 2007 жылы оның байлығы 1,3 млрд еді. Ажырасқан соң миллиардер байлығының тең жартысы – 600 млн-нан айырылды. Сөйтіп ол 2008 жылы сценарист әрі продюсер Лесли ДеМезге үйленіп, бір жылдан соң қайтыс болды. Ал Патрисия болса, өмірден 2012 жылы өтті. Бүгінде олардың атында 122 млн тұратын қайырымдылық қоры бар. Қор негізінен экономикалық және экологиялық жобалармен айналысады. [caption id="attachment_134226" align="alignnone" width="1024"]миллардер ©ridus.ru[/caption] 2007 жылы ресейлік кәсіпкер және «Челси» футбол клубының иесі Роман Абрамович екінші әйелі Иринамен ажырасты. 15 жыл отасқан ерлі-зайыптының екі ұлы мен үш қызы бар. Сол кезде олар Англияда ажырасса, миллиардер байлығының тең жартысынан айырылар еді. Алайда ерлі-зайыптылар өзара келісімге келген. Сөйтіп Ирина шамамен 300 миллион доллар, Ұлыбританиядағы үш вилла мен Хампширдегі вилла, Лондондағы екі пәтер, Франциядағы сарай, Boeing 737 ұшағы мен  Pelorus яхтасын шексіз пайдалануға алған. Артынан Абрамович үшінші рет үйленді. Бұл жолы  келіншегі өзінен 15 жас кіші еді. Дизайнер – Дарья Жукова, белгілі кәсіпкер Александр Жуковтың қызы. Бірақ 9 жылдан кейін бұл жұп ажырасып кетті. Оның Дариядан бір ұл, бір қызы бар.