Бішкектегі қыздың өлімі: жігіт қызды зорлаған
Бішкектегі қыздың өлімі: жігіт қызды зорлаған
150
оқылды
Бішкекте биыл сәуірде ұрланып, кейін өлі табылған қызды жігіт зорлағаны белгілі болды, - деп хабарлады Бішкек Ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі. Сотқа дейінгі тергеу ҚК-нің 175-бабы ("Некеге тұру мақсатында адам ұрлау") бойынша тіркелген, бірақ кейіннен жиналған материалдарға сәйкес қайта қаралды.
"ҚК-нің 170-бабына ("Адам ұрлау") өзгертілді, сондай-ақ күдіктіге ҚК-нің 170-бабы ("Адам ұрлау"), 161-бабы ("Зорлау") және 130-бабында ("Адам өлтіру") көзделген қылмысты жасады деген күдік бары сырттай хабарланды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі іс Бішкектің Первомай аудандық сотының қарауына жіберілді.
"Одан бөлек, ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Бішкек қалалық басқармасы милицияның жекелеген қызметкерлеріне қатысты ҚК-нің 331-бабы ("Немқұрайдылық") бойынша сот алды тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Бішкекте Айзада есімді қызды 5 сәуірде бірнеше ер адам ұрлап әкеткен. Ұрлау сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алайда Айзаданы полиция қызметкерлері емес, далада жүрген шопан тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті оны қылғындырып, артынша өз-өзіне қол жұмсаған. Бұған дейін Бішкектің маңынан өлі күйінде табылған қыз бен жігіттің қалай көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.