Алматыда 4 жасар баланы қағып кеткен самокат жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметі. Ол 1997 жылы туған Б. есімді азамат Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны болып шықты.
«Ер адам өзінің кінәсін бірден мойындады, ол жауапкершіліктен қорқып, баланы қаққаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткенін айтты. Сондай-ақ самокат жүргізушісі қасында сүйіктісі - 2000 жылы туған Т. есімді азаматтың болғанын айтты. Б. есімді азаматқа ҚР ӘҚбК-нің 615-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Басқа жағдайлар анықталып жатыр», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.