Алматыда әйел 10-қабаттың терезесінен секіріп, қаза тапты, - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
«Төле би көшесінің бойында, Сайран көлінің жанында. Бір қыз терезеден секіріп кетті. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр», - деп жазды желі қолданушысы.Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, әйел 10-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Бұл оқиға 3 мамырда Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
«1972 жылы туған әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полициядан.