"Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдау басталды: биыл қанша грант бөлінді, ережесінде қандай өзгеріс бар?
"Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдау басталды: биыл қанша грант бөлінді, ережесінде қандай өзгеріс бар?
241
оқылды

Биыл "Болашақ" халықаралық бағдарламасына бөлінген стипендия саны - 1055. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Қарбозова 2021 жылғы "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру туралы баяндамасында айтты.

Оның айтуынша, былтыр "Болашақ" бағдарламасына іріктеудің жаңа ережесі қабылданды. Енді конкурстық іріктеу 3 кезеңнен өтеді, үміткерлердің барлық квота санаты алынып тасталды, тіл дайындықтарының мерзімі қысқарды (тек ауылдық мекеннен келген үміткер ҚР аумағында 6 ай оқуға мүмкіндік алады). Аталған өзгерістен кейін 2021 жылы бюджеттен 1,3 млрд теңге үнемделетін болды. "Барлық үміткерге қойылатын басты талап - басым мамандықтар тізіміне енген мамандық бойынша "Болашақ" бағдарламасының шеңберінде оқуға ұсынылған ЖОО-ға өз бетімен шартсыз негізде оқуға түсу. Бұл - ең маңызды өзгерістердің бірі", - деді Айнұр Қарбозова. Биыл құжат қабылдау 4 мамырда басталды, ол 28 қазанға дейін жалғасады. Конкурстық іріктеу 1 маусым - 30 қараша аралығында, үш лекпен өтеді. [caption id="attachment_134357" align="aligncenter" width="1200"]"Болашақ" бағдарламасы Фото: Айнұр Қарбозованың баяндамасының скриншоты[/caption] 2021 жылға бөлінген стипендия саны - 1055. Оның 555-і академиялық магистратура, докторантура және медицина үшін резидентура және тағылымдаманың төрт санатына бөлінсе, 500 стипендия тағылымдаманың жаңа "Ғалымдар" санатына бөлінген. Үш конкурстық лек маусым, тамыз және қараша айларында 555 стипендия үш конкурстық лек арасында үлестіріледі.
"Ғалымдар" санатына үміткерге қойылатын талаптар:
  • әлемнің жетекші ғылыми орталығынан (тізімге енген) шартсыз шақыру;
  • Қазтест сертификаты (В1 деңгейінен кем болмауы керек);
  • тағылымдама мерзімі 9 айдан кем болмауға, 12 айдан аспауға тиіс;
  • кепіл болатын 2 жеке тұлғадан келісімшарт (кепілге жылжымайтын мүлік талап етілмейді).
2021 жылға бекітілген басым мамандықтар тізімінде академиялық бағдарламалар бойынша 80 мамандық, тағылымдамаға 137 мамандық ұсынылды. Осы жылғы басым мамандықтар тізімінің айырмашылығы - құрылымында, оңтайландырылып 7 бағыт ұсынылды. Олар: [caption id="attachment_134356" align="aligncenter" width="1200"]"Болашақ" бағдарламасы, Мамандықтар тізімінің 7 бағыты Мамандықтар тізімінің 7 бағыты. Фото: Айнұр Қарбозованың баяндамасының скриншоты[/caption] Айта кетейік, 1994 жылдан бері 14156 азамат "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанған. Олардың 11 мыңнан астамы түлектер. Қазір шетелдің ЖОО-ларда оқып жатқандардың саны - 1120. Түлектердің 54%-ы әлеуметтік-гуманитарлық бағытта, 36,8%-ы инженер-техникалық бағытта, 7,1%-ы медицина және 1,8%-ы шығармашылық бағытта білім алған. Қазіргі уақытта 842 түлек педагогика, 889 түлек медицина, 1294 түлік IT саласында қызмет етіп жатыр. "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің 54%-ы мемлекеттік мекемелерде, 30%-ы жеке компанияларда, 14%-ы халықаралық ұйымдарда және 2%-ы ұлттық компанияларда қызмет етіп жатыр.