Атырау облысында жол апатынан 2 адам мерт болып, 4-еуі жарақат алған. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты Құрманғазы ауданындағы №9 теміржол бекетінің тұсында болған. «УАЗ» бен «Lada Largus» көліктері соқтығысқан. Оқиға орнында 18 және 30 жастағы 2 ер адам көз жұмған. Тағы 4 адам түрлі жарақатпен Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізілген. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.