Оралда 6 жасар қыздың токқа түсіп, көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады inform.kz. Деркөл кентінде 6 жасар қыз бала ауласында ойнап жүріп, газ құбырын ұстаймын деп көз жұмған болатын. Қыз баланың жүрегінде ақауы бар екен.
«Бүгін сараптама қорытындысына сәйкес қыз баланың ток соғып, қайтқаны белгілі болды. Бастапқыда бұл дерек жазатайым оқиға ретінде тіркелген еді. Қазіргі кезде ол қайта дәрежеленіп, ҚР ҚК 306-бабы 3-бабына (абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – деді БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.