Кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлінбек

Кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлінбек

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібі бо­йын­ша екі сұрақ қарастырылды. Бірі – қоғамдық кеңестің құра­мымен танысу, екіншісі – кеңес­тің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту. Кеңес мүше­лері партияның Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдар­ла­масының Жол картасындағы өзек­ті мәселелерге тоқтала оты­рып, жұмыс жоспарына ұсыныс енгізді. – Шағын және орта бизнесті дамыту – «Nur Otan» партия­сының және Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының негізгі басымдықтарының бірі. Партия алдағы уақытта да кә­сіп­керлікті дамытудың тиімді құ­рал­дары арқылы жұмыс іс­тейтін болады, – деді «Nur Otan» пар­тия­сы Алматы қалалық фи­лиа­­лы төрағасының бірінші орын­басары Мейіржан Отыншиев. Өз кезегінде кеңес төрағасы Қайрат Құдайберген кеңестің ең негізгі мақсатының бірі шағын және орта бизнесті қолдау және қорғау екенін атап өтті. Сонымен қатар кеңес мүшелерімен бірі­гіп көптеген жұмыстардың атқары­латынын айтты. Ал кеңес мү­шесі, Алматы қаласы бойынша ҰКП директоры Айтуар Қошмам­бе­тов мемлекет тара­пынан қаржыланды­рылатын, қала деңгейінде салынып жатқан нысандарға мониторинг жүр­гізіп, нысан құры­лыстарында отандық өнімдердің пайдала­нуы­­на бақылау жасау  қажет екенін жеткізді.

Әбілмансұр ЖАСАН