Маса коронавирус тасымалдай ма?
Маса коронавирус тасымалдай ма?
156
оқылды
Әлеуметтік желіде коронавирус маса арқылы жұғады деген ақпарат талқыланып жатыр. Желі қолданушылары жәндіктер инфекция тасымалдайды деп жазуда.
Stopfake.kz. порталының ақпараты бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қансорғыш жәндіктер адамдарға COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарған. "Қазіргі кезде SARS-CoV-2 вирусы масалардың шағуы арқылы берілуі мүмкін екені туралы ақпарат жоқ. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін жөтел немесе дене қызуы бар адамдардан алшақ жүріп, қол гигиенасы мен тыныс алу гигиенасы ережелерін мұқият сақтаңыз", – делінген ұйымның сайтында.