Аграрлық мәселелер басты назарда
Аграрлық мәселелер басты назарда

Ақтөбе облыстық аграрлық қоғамдық кеңестің отырысы онлайн режимде өтті. Жиынды кеңес төрағасы Қазыбек Әлішев жүргізді. Ол ең алдымен кеңестің негізгі міндеті – жергілікті жерлерде сайлау алдындағы міндеттемелерді іске асыру мониторингін жүйелі негізде құру екенін айтты.

Бүгінде Ақтөбе облысы хал­қының 29%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Облысқа еліміздің ауыл шаруашылығы өнімінің 5,3%-ы тиесілі. Өңірде инвестицияларды тиімді салу, өндірісті қазіргі за­манғы жабдықтармен жарақ­тандыру, жаңа технологияларды енгізу есебінен жоғары техноло­гиялық агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғасуда. «Nur Otan» партиясы ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту және еңбек өнімділігін жыл сайын 4%-ға арттыру міндетін қойып отыр. Сондай-ақ кеңес оты­рысында азық-түлік қауіпсіз­дігі, ауыл шаруашылығы жер­лерін тиімді пайдалану, субси­дия­лардың ашықтығы мен тиім­ділігін қамтамасыз ету жайы сөз болды. – Егер біз ауыл шаруашылы­ғын дамытқымыз кел­се, онда жер ресурстарын тиімді пай­далануымыз керек. Бұл жағдайда қараусыз қалған жерлерге ерек­ше назар аудару маңызды. Ау­дандық кеңестерге пайдала­нылмай жатқан жер­лерге – қанша қайтарылғаны, жайылымдар мен егістіктердің жай-күйі, қан­дай жұмыстар жүр­гізіліп жат­қаны және қандай проб­лемалық мәселелер бар екені жөнінде мониторинг жүргізу қажет. Бұл ақпараттың барлығы ай сайын әрбір аудан бойынша облыстық кеңеске жіберілуі тиіс, – деді кеңес тө­рағасы Қазыбек Әлішев.

Әбілмансұр ЖАСАН