Сыздықов Олимпиада жолдамасына таласады
Сыздықов Олимпиада жолдамасына таласады
137
оқылды

Мамырдың 6-ы күні Бол­га­рия­ның София қа­ла­сында күрес түр­лерінен әлемдік іріктеу турнирі басталады. Бұл жолғы бәсекенің орны бөлек. Өйткені осы жарыста Олим­пиадаға жолдама бе­ріледі.

Бұл сынға Қазақстан құра­масының балуандары бақ сы­найды. Софиядағы бәсеке – Олимпиадаға жолдама беретін соңғы сайыс. Қазір еліміздің балуандары қызу дайындық үс­­­тінде. Олардың ара­сында Шым­кент қаласының спорт­шысы Әлімхан Сыздықов та бар. Грек-рим күресінен аса ауыр салмақ – 130 ке­ліде Әлімхан Сыздықов Олимпиада жолда­масы үшін бозкілемге шығады. Спорт­шы таяуда Алма­тыда өткен Азия чемпионатында кү­міс жүл­дегер атанды. Спорт шебері, Қазақстан біріншілігінің бір­неше дүркін жеңімпазы. Семей қаласында өт­кен Б.Тұр­лыханов ха­лық­аралық тур­нирінің күміс жүлдегері. Олим­пиада жолда­масына тала­­сатын бай­рақты бәсекеде балуан­да­рымыз ба­­бында болсын!

Ж.АҚҚАЙЫР