Ұлытаудағы «Көкмайса фест» фестивалі
Ұлытаудағы «Көкмайса фест» фестивалі
392
оқылды

Қарағанды облысы Ұлы­тау ау­данының Терісаққан ауылында он­лайн режимде дәстүрлі Kokmaisa fest – 2021 этнофестивалі өтті. Биыл ол Тәуелсіздіктің 30 жыл­ды­ғына орайластырып, ұйымдас­­­­ты­рылды.

Көктем шыққан сайын Те­­рісаққан ауылында «Ұлытау» қорық-музейінің қызметкерлері этнофестиваль өткізеді. Ауыл тұрғындары үшін әр көктем – үлкен мереке. Этнофестиваль Қа­зақстанда ғана емес, одан тыс жер­лерде де кеңінен та­нымал. «Биыл оған АҚШ, Франция, Бахрейн әмірлігі, Польша, Украи­на, Ресей, Орта Азия ел­дері­нен туристер, сондай-ақ ЮНЕСКО, National Geographic, Discovering Kazakhstan, «Тұран – ТВ» және ресейлік «Охо­та и рыбалка» теле­ком­паниясының өкілдері қатыс­ты» деп ха­барлады Ұлытау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Kokmaisa fest көр­месінде «бие байлау», «айғыр қосу» және «қы­мыз­мұрындық» сияқты әдет-ғұ­рыптар көрсетілді. Әр үйдің аула­сында әртүрлі ұлттық тағам­дар мен деликатес бар дастарқан жайылды. Эт­но­фес­ти­валь – ше­тел­діктерді қазақ хал­қы­ның та­рихы мен дәс­түрімен та­ныс­тырудың жақсы мүмкіндігі.  

Исмаил ҚУАНЫШ