Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері балаларға жазғы демалыста от пен судан сақ болу үшін «Тентек пен Айя» мультфильмін түсірді.
Бұл құтқарушылардың алғашқы тәжірибесі емес.Себебі балалардың отпен ойнап, соңы өртке ұласып жатады.«Осыған дейін ермексаздан жасалған Тишка есімді қонжықтың оқиғалары туралы мультфильм шыққан еді. Онда сіріңкемен ойнаудың қаупі, жер сілкінісі мен суда сақ болудың ережелері туралы айтылған еді. Биыл анимациялық мультфильм жасауға бел байладық», – дейді құтқарушылар.
Мультфильмді ШҚО ТЖД ресми сайтынан, YouTube және Instagram-парақшаларынан тамашалауға болады.