Атырауда туа сала баласын қоқысқа тастаған келіншекке қатысты іс сотқа жетті. Жарық дүние есігін ашпай жатып, қатыгездікке тап болған шарананың анасы мен оның адвокаты, сот процесіне журналистерді қатыстырмады. Бұл туралы AstanaTV арнасы хабарлады.
«Ұяламын» деп шаранасын қоқысқа лақтырған әйел Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының 35 жастағы тұрғыны екені анық. Келіншек дәретханада босанып, нәрестесін қоқыс алаңына лақтырған деп айыпталуда. Безбүйрек анаға қатысты қылмыстық іс алғашында «Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу» бабымен тергелді. Қазір «Жаңа туған баланы анасының өлтiру» бабымен қаралып жатыр. Сот процесі онлайн өтті.Оқиға биыл қаңтардың 24-і күні болды. «Қан кетіп жатыр» деген хабармен жанұшыра жеткен дәрігерлер әйелдің жас босанғанын анықтаған. 35 жастағы келіншектің күйеуі және кәмелетке толмаған 4 баласы бар. Алайда келіншек бесінші баласының жүктілігінде дәрігерлерде есепке тұрмаған. https://youtu.be/vR_8xFRd5rcҚызылқоға аудандық сотының судьясы Айдын Байназаров: «Жабық сот отырысында өткізу туралы қаулы бар. Себебі, сотталушы сот процесіне журналистердің қатысуына қарсы. Отбасылық жанжалдың мән-жайы анықталуы мүмкін. Сондықтан сотталушы кикілжіңді елге жариялағанды қаламай отыр», – деді.