«Қазгидрометтің» хабарлауынша, таулы аймақтарды тұман басады. Тек қана солтүстік және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік және батыста шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аумағында бұршақ күтіледі, кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Атырау, Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында түнде және таңертең тұман болады.Түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман болады. Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Қызылорда, күндіз Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.