Polisia.kz-тің мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері алаяқтық дерегін әшкереледі.
Жедел іздестіру нәтижесінде күдікті ұсталды. Оның 24 жастағы Есік қаласының тұрғыны екені анықталды. Күдікті кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.Көктөбе ауылының 24 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне келіп шағымданған. Ол былтыр маусым-тамыз аралығында өзінің танысы «Қазақстан азаматтығын алып беремін» деп сеніміне кіріп, 200 мың теңгесін иемденгені туралы арызданған.