«Жанында анасы болған» – жүк көлігін ұрлаған күдіктіні полицейлер бір сағат бойы қуып жүріп ұстады
«Жанында анасы болған» – жүк көлігін ұрлаған күдіктіні полицейлер бір сағат бойы қуып жүріп ұстады
146
оқылды

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 3 мамыр күні таңертең Көкшетау қаласы полиция басқармасынан Краснояр ауылының тұрғыны жүк көлігін белгісіз біреудің айдап әкеткенін айтып, көмек сұраған. Көлік иесіне 500 000 теңге шығын келді.

«Полицейлер қылмыстың түнде жасалғанын анықтады. Күдікті үйдің жанында тұрған «ЗИЛ» маркалы автокөлігін айдап әкеткен. Жедел іздестіру нәтижесінде, бейнебақылау камерасы арқылы көлікті анықтады. Күдікті ұрлығы әшкере болған кезде көлікті тоқтату туралы заңды талапты орындамады», – дейді полицейлер.

 width= Бірнеше сағаттан кейін «Әскер-1» патрульдік полициясы экипажының қызметкерлері лейтенант Дархан Бопиев пен лейтенант Олжас Тілеуов «Рузаевка – Көкшетау» автожолының 3 шақырымында ұрланған көлікті тоқтатты. Көлік ішінде 25 жастағы күдіктіден бөлек, оның анасы болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктіге мас күйінде көлік құралын жүргізгені және полицейлердің ескертуіне бағынбағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.