Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 3 мамыр күні таңертең Көкшетау қаласы полиция басқармасынан Краснояр ауылының тұрғыны жүк көлігін белгісіз біреудің айдап әкеткенін айтып, көмек сұраған. Көлік иесіне 500 000 теңге шығын келді.
«Полицейлер қылмыстың түнде жасалғанын анықтады. Күдікті үйдің жанында тұрған «ЗИЛ» маркалы автокөлігін айдап әкеткен. Жедел іздестіру нәтижесінде, бейнебақылау камерасы арқылы көлікті анықтады. Күдікті ұрлығы әшкере болған кезде көлікті тоқтату туралы заңды талапты орындамады», – дейді полицейлер.
Күдіктіге мас күйінде көлік құралын жүргізгені және полицейлердің ескертуіне бағынбағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.