25 жастағы африкалық әйел бірден тоғыз бала дүниеге әкелді
25 жастағы африкалық әйел бірден тоғыз бала дүниеге әкелді
131
оқылды
Африканың батысындағы Мали Республикасының 25 жастағы тұрғыны бірден тоғыз баланы дүниеге әкелді. Оның бесеуі – қыз, төртеуі – ұл, деп хабарлады Риа Новости. Республиканың Денсаулық сақтау министрлігі әйел мен балалардың жағдайы жақсы екенін хабарлады.
"2021 жылдың 4 мамырында Халима Сиссе кесарь тілігі арқылы жеті баланың орнына тоғыз бала дүниеге әкелді. Мали мен Мароккода өткен ультрадыбыстық зерттеуден кейін әйелдің жеті бала көтеріп жүргені айтылған еді. Жаңа туған сәбилердің жағдайы жақсы", - деп хабарлады Малидің Денсаулық сақтау министрлігі Facebook-тегі парақшасында.
Ел президенті Ба Ндау да бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады. Ол жаңа босанған әйелді елорда ауруханасында екі апта болғаннан кейін мароккалық клиникаға ауыстыруды тапсырды. Елдің денсаулық сақтау министрі Фанта Сиби әйелді босандырып алған акушерлерді құттықтады. Ол мамандардың арқасында жүктіліктің жақсы өткенін айтты. Тоғыз баланың анасы - 25 жаста. Бірнеше аптадан кейін олар Малидегі үйіне оралады. 2016 жылы Үндістан тұрғыны Мария Фернандес 42 жасында 11 бала дүниеге әкелді. Ол табиғи жолмен босанған.