Жақында ғана «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ басқармасының жаңа төрағасы болып сайланған Асқар Маратұлының сыры ашылып, бұрын басы дауға қалғаны белгілі болды.
Ол осыдан 6 жыл бұрын, яғни, 2015 жылы бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылған екен. Ол уақытта Асқар Маратұлы Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі болыпты.Тіпті, бұл жайында ҚазТАГ ІІМ 2015 жылғы 4 наурыздағы материалында «Асқар Маратұлы жалған мемлекеттік нөмірмен көлік жүргізгені үшін бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды» деп жазылған екен.Kokshetau.asia-ның мәліметінше, 2015 жылдың 8 ақпанында сағат кешкі 21.30-да Ақмола облысының Зеренді ауылынан орман шаруашылығына С508BV сериясындағы өтірік мемлекеттік нөмірмен Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін әдейі пайдаланған. Осылайша, сот Асқар Маратұлы бұл әрекетін қасақана істеді деп тапқан. Өйткені экс-әкім тергеу барысында көлікті өзінікі емес, інісі Ш.М Дюсенбаевқа тиесілі екенін айтып, ақталған. Оның бұл әрекетін сот әкімшілік жазадан қашып отыр деп есептеп, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырды.