Алматы облысында гараждан кәмелет жасқа толмаған екі бозбаланың мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Жаркент қаласында болған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Өңірлік Полиция департаментінің хабарлауынша, марқұмдардың екеуінің де жасы 17-де болған. Колледж студенттері болжам бойынша, жер үйдің гаражында көлікті жөндеу кезінде бензин буынан уланып, көз жұмған. Қазіргі таңда мамандар қайғылы жағдайдың нақты себебін анықтау үшін сотқа дейінгі тексеру жүргізіп жатыр.
- Қинап өлтіру белгілері анықталмады. Алдын ала болжам бойынша жәбірленушілер автокөлікті жөндеу кезінде бензин буымен уланған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.https://www.youtube.com/watch?v=BGF_3vLaJII