Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге сот шешім шығарды
Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге сот шешім шығарды
5,147
оқылды
Грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовтың өліміне қатыстыларға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Atr. kz Спортшыны аңшы мылтығымен атып өлтірген Мағзұм Бекет 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмысты жасырған сыбайласы Бейімбет Есенғалиев 3 жылға сотталды. «Атырау 201» ютуб каналының хабарлауынша, сот шешімімен жәбірленуші тарап та, сотталушы тарап та келіспей отыр. https://www.youtube.com/watch?v=QPuJLooT-WA&feature=emb_title Өткен жылы 9 тамызда Дамбы мен Құрманғазы ауылдарынан келген бірнеше жігіттің арасындағы төбелес кезінде атақты атыраулық спортшы, грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов қаза тапқан болатын.